Техникалық қолдау

ҰҰА миссияларын басқару платформасы

Мемлекеттік органдар

«ҰҰА миссияларын басқару» жүйесі мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдардан түсетін өтінімдерді жедел өңдеу үшін ұшқышсыз авиациялық жүйелер паркін басқаруға арналған. Нәтижесінде нысандардың фото- және бейнетүсірілімі, ортофотопландар, инфрақұрылымның үшөлшемді модельдері, жылу бейнелі және мультиспектрлік суреттер, геобайланысқан деректер қабаттары және т.б. алынады. Бұл сыни инфрақұрылымды бақылау, аумақтарды қадағалау, төтенше жағдайларға жедел әрекет ету және ведомствоаралық өзара іс-қимылды үйлестіру міндеттерін сапалы әрі жылдам орындауға көмектеседі.

«ҰҰА миссияларын басқару» бағдарламасының функциялары: - ҰҰА миссиясын орындауға өтінімдерді қабылдау және тексеру; - Түскен өтінімдер негізінде ұшу тапсырмаларын ресімдеу; - Ұшу тапсырмалары аясында орындалған ұшуларды тіркеу; - Ұшуды интерактивті картада бақылау; - Ұшқышсыз авиациялық жүйелер мен аспалы жабдықтың тізілімін ағымдағы жай-күйін бақылай отырып жүргізу; - Жабдыққа жүргізілген техникалық қызмет көрсету жұмыстарын есепке алу; - Жедел қызметкерлердің тізімін жүргізу: ҰАЖ диспетчері, ҰАЖ операторы; - Қосалқы бөлшектерді есепке алу және материалдар мен жабдық сатып алуға өтінімдерді басқару; - Кезең ішіндегі жұмыс процестерінің параметрлері бойынша жиынтық ақпаратты көрсететін есептік құжаттарды қалыптастыру.

ҰҰА миссияларын басқару платформасы

Жобаңызды іске асыру бойынша жеке консультация

Жобаңыздың міндеттерін талқылап, оңтайлы шешім ұсынамыз

Осы түймені басу арқылы Құпиялылық саясатына сәйкес дербес деректерімді өңдеуге келісемін.

Карта: Rating кеңселері — Қазақстан к-сі, 27 және Сағадат Нұрмағамбетов к-сі, 38