Емдік-профилактикалық тамақтануды есепке алудың автоматтандырылған жүйесі
Емдік-профилактикалық тамақтануды есепке алудың автоматтандырылған жүйесі кәсіпорын қызметкерлерін заң бойынша тиесілі емдік-профилактикалық тамақпен қамтамасыз ету процестерін цифрландыруға арналған.
Тиесілі тамақтың жоспарлы көлемін жүйе ауысымдар кестесіне және қызметкердің кәсібі мен оған тиесілі азық-түлікпен қамтамасыз ету түрлерінің байланысын айқындайтын заңнамалық нормаларға сәйкес автоматты түрде есептейді.
Жүйе тамақтың жоспарлы көлемін дәл есептеп, жергілікті жерлерде беруді автоматтандырады: бір реттік тұтыну көлемін реттеп, теріс пайдаланудың жолын кеседі. Процестерді жеделдету және деректердің қайталануын болдырмау үшін жүйе кәсіпорынның кадрлық есеп жүйесімен және кіруді бақылау және басқару жүйесімен (КББЖ) интеграция негізінде жұмыс істейді.
Емдік-профилактикалық тамақтануды есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің үлгілік конфигурациясына мына модульдер кіреді: - «Нормативтер» модулі - «Тамақ есептеу» модулі - «Есептілік» модулі - «Тамақ беру» модулі - «Өз бетінше тапсырыс беру» модулі (қосымша) - «Мәзір» модулі (қосымша) - «Интеграциялық сервис» модулі (кадрлық есеп жүйесінен, КББЖ-дан деректер алу үшін) - Орталық және жергілікті базаны синхрондау сервисі - Әкімшілендіру панелі
Шешімге тамақ беру пункттерінде жергілікті орнатылатын жабдық жинағы да кіруі мүмкін. Жинаққа кассир терминалы, электрондық карталарды оқу құрылғысы және қызметкерлердің электрондық карталары кіреді.