«Жылу» жылу көздерінің жай-күйін бақылау жүйесі
«Жылу» жылу көздерінің жай-күйін бақылау жүйесі қазандықтардағы, ЖЭО, сорғы станциялары мен орталық жылу пункттеріндегі жылу тасымалдағыштың негізгі параметрлерін автоматты түрде қадағалауға арналған.
«Жылу» үлгілік конфигурациясына жылу көзінің IoT-ортасымен интеграция модулі, деректерді жинау және өңдеу модулі, деректерді көрнекі көрсетуге арналған интерактивті картасы бар визуализация модулі кіреді.
Шешімге жылу көзінің жай-күйі туралы деректерді (қысым, температура, жылу тасымалдағыштың шығыны және т.б.) үздіксіз тіркеу үшін жылу көзінде жергілікті орнатылатын жабдық жинағы кіруі мүмкін.
Жүйе деректерді онлайн режимде көрсетіп, көрсеткіштердің нормативтен ауытқуы туралы хабарлайды.