«Жарылғыш материалдарды есепке алу» ақпараттық жүйесі
«Жарылғыш материалдарды есепке алу» ақпараттық жүйесі ұйым қоймаларындағы жарылғыш материалдарды есепке алу, сақтау және олардың қозғалысы процестерін автоматтандыруға арналған.
«Жарылғыш материалдарды есепке алу» ақпараттық жүйесінің үлгілік конфигурациясына жарылғыш материалдардың түсуі мен қалдықтарын есепке алу модулі, беру мен қайтаруды ресімдеу модулі, регламенттелген есептілікті қалыптастыру модулі, әкімшілендіру және пайдаланушы рөлдерін басқару панелі кіреді.
Жүйе жарылғыш материалдардың қозғалысын барлық кезеңде қатаң бақылауды қамтамасыз етеді: қоймаға түскеннен бастап беруге және пайдаланылмаған қалдықты қайтаруға дейін. Автоматтандырылған есеп құжаттаманы қолмен толтырудағы қателерді болдырмайды және міндетті есептілікті қалыптастыруға кететін уақытты қысқартады.
Жүйе қамтитын негізгі бизнес-процестер:
Жарылғыш материалдардың түсуін есепке алу;
Жарылғыш материалдарды беру мен қайтаруды ресімдеу;
Шығын мен қалдықтар бойынша есептілік қалыптастыру;
Бақылаушы органдар үшін есептілік қалыптастыру (ҚР ИДӨҚК).