Жанармай шығынын бақылау және автокөлікті GPS-қадағалау жүйесі

Возможности

Жүйе көлік құралдарының жұмысының негізгі параметрлерін жедел бақылауға арналған: жанармай  шығыны, қозғалыс жылдамдығы, жүгіріс, жұмыс режимі, жердегі жағдай. Жүйе автокөліктің, теміржол көлігінің барлық түрлеріне орнатылады.

Жүйенің нақты мүмкіндіктері:

  • Бактағы жанармай деңгейін өлшеу арқылы отын шығынын бақылау;

  • Жанармай құюды бақылау және оны ұрлаудың (төгудің) жолын кесу;
  • Автомобиль қозғалтқышы мен агрегаттарының жұмысын бақылау;
  • Көліктің мақсатсыз пайдаланылуын бақылау;
  • GPS-автокөлікті бақылау;
  • Жолды қадағалау, қозғалыс уақыты, тоқтау уақыты, жылдамдық, қозғалтқыш айналымы, мотосағаты.

Жүйенің құрамына мыналар кіреді:

  • Деректерді жинауға және беруге арналған борттық контроллер;
  • RS-485 интерфейсі бар сандық жанармай деңгейінің сенсоры (резервуарға орнатылған);
  • Отын шығынының дифференциалды датчигі (жанармай желісіне орнатылады);
  • CAN-шинадан деректерді жинау құрылғысы (деректерді жинау құрылғысы борттық контроллерге және көліктегі бар CAN-шинаға қосылады);
  • Жанармай  көлемінің индикаторы (отын деңгейінің цифрлық бергіштердің көрсеткіштері бойынша көлік құралының бактарындағы отын қалдығының ағымдағы мәнін көрсететін);
  • Басқа бергіштер (айналым сенсоры, температура датчиктері және т.б.).