Білім беру мекемелеріне арналған ақпараттық жүйелер

Возможности

Білім беру процесінде қолданылатын технологиялар мен құралдардың сапасына оқушылардың даму деңгейі мен білімі, олардың кәсіби дайындығы және соның әсеріне болашақта экономиканың дамуы байланысты екендігі белгілі. Білім беруге ақпараттық технологиялардың келуімен оқытушылар, оқушылар және олардың ата-аналары алдында жаңа мүмкіндіктер ашылды.

Оқу орнының басшылығы келесілерге қол жеткізе алады:

  • Барлық бөлімшелер мен филиалдарда оқу процесін басқару;
  • Электрондық құжат айналымының барлық мүмкіндіктерін сезіну;
  • Оқушылардың жеке істеріне қол жеткізу;
  • Оқыту тиімділігі бойынша жедел есептер алу;
  • Кестелер, оқу жоспарларын, келісімшарттар және хаттарды  тез және қиындықсыз құру.

 

Оқытушылар қол жеткізетін  мүмкіндіктер:

 

  • Оқу орнынан тыс жерде өз сабақ кестесін құру;

  • Оқу топтарының құрамын кез-келген уақытта біліп отыру;
  • Студенттердің үлгерімі мен сабаққа қатысуы туралы үнемі хабардар болу;
  • Интерактивті қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру;
  • Колледждің электрондық поштасын барлық жерде қолдану;
  • Қажет болған жағдайда оқу материалдары мен құралдарының мұрағатын пайдалану.

Оқушылар мен олардың ата-аналары:

  • Сабақ кестесі туралы үнемі хабардар болады;

  • Кез келген құрылғыдан (компьютер, планшет, телефон) қол жеткізе алады;
  • Оқу жоспарын қарай алады;
  • Оқу үлгерімі мен сабаққа қатысу журналындағы бағаларды, сондай-ақ семестр рейтингін бақылай алады;
  • Тапсырмаларды уақтылы орындап және тапсыра алады;
  • Оқу материалдарының мұрағатына қол жеткізе алады.

Білім беру мекемелеріне арналған шешім Microsoft Office 365 бұлтты сервисінің негізінде іске асырылды. Кез келген құрылғылардағы құжаттарға, деректерге, электрондық поштаға, күнтізбеге және контактілерге қол жеткізу. Сонымен қатар, бұл жүйенің оқу процесін екінші жағынан қарауға мүмкіндік беретін қызықты мүмкіндіктері бар. Мысалы, бірнеше қатысушылармен HD бейнеконференцияларды пайдалану және экранды көрсету арқылы өткізілетін онлайн семинарларды алып қараңыз.

Орындалған жобалар

Біздің компания бұл өнімді енгізумен айналысқанына көп уақыт болмаса да, келесі оқу орындарында жоба тиімділігін көрсетті: